Түлекпен кездесу – Зарина Гусман
20 ақпан күні Еуразия ұлттық университетінің көрнекті түлегі, ЕҰУ Эндаумент қорының елшісі және Body Pro сұлулық студияларының негізін қалаушы Зарина Ғұсманмен кездесу өткіздік!

Студенттер оның өмір тәжірибесі туралы әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Біз Заринаға уақыт бөліп, Alma Mater-ге көңіл бөлгені үшін алғысымызды білдіреміз.

Еске салайық, 2023 жылдың қыркүйегінде Зарина Ғұсман ЕҰУ-дің Эндаумент қорына және Қазақстандағы білімнің дамуына зор үлес қосып, журналистика және саясаттану факультетінің 3 курс студентіне грант тағайындаған болатын.
Made on
Tilda