Студенттік стипендия тағайындау
📢 Заң факультеті студенттерінің назарына!
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Сіздерді «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының Құқықтық мәселелер жөніндегі Басқарушы кеңесінің студенттік стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға шақырады.
Жұмыстарды қабылдау 2024 жылдың 15 тамызына дейін жүргізіледі. Байқау тақырыптары:
1️⃣ «Құқықтық функцияларды цифрландыру. Үздік әлемдік тәжірибе».
2️⃣ «Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамытудың құқықтық аспектілері».
Кім қатыса алады?
Төмендегі жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде заң факультетінде оқитын студенттер:
- М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
Жұмыстарды Астана қаласы, Қонаев көшесі, 6-ғимарат, 28-қабат, № 2812 кабинет мекенжайы бойынша жеке келуге немесе электронды түрде мына мекен-жайға жіберуге болады:
- baltabayev_e@railways.kz
- zhomartbekuly_B@railways.kz
❓ Барлық сұрақтар бойынша конкурс комиссиясының хатшысы Жомартбекұлы Бақытжанға хабарласыңыз, тел. 60-37-89.
Конкурсты өткізу тәртібі Студенттік стипендияларды тағайындау тәртібі туралы Ережемен және «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының Құқықтық мәселелер жөніндегі Басқарушы кеңесінің конкурсын өткізу туралы ережемен реттеледі.
Біліміңізді көрсету және студенттік шәкіртақы алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Барлық қатысушыларға сәттілік!