Конкурстың мақсаты: эндаумент активтерін ұзақ мерзімді тұрақтылық пен капиталдың сақталуы қағидаттарына сәйкес тиімді әрі сенімді басқаруды қамтамасыз ету.
Қатысуға шақырылады:Төмендегі талаптарға сәйкес келетін инвестициялық компаниялар:
- тиісті лицензиясы бар;
- активтерді басқару саласында табысты жұмыс тәжірибесі бар;
- қаржы нарығында оң беделге ие.
Қатысу шарттары:- ENU Endowment Fund ерекшелігіне бейімделген жеке инвестициялық ұсынысты әзірлеу және ұсыну;
- өтінім мен құжаттарды 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін info@endowmentenu.kz поштасына жолдау.
Байланыс ақпараты:info@endowmentenu.kz+7 (747) 233 6104
Инвестициялық компанияны таңдау туралы шешім ENU Endowment Fund Қамқоршылық кеңесі өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қабылдайды.