Қаржы департаменті ЕҰУ Эндаумент қорына үлес қосты
Қаржы департаментіне ЕҰУ Эндаумент қорына қосқан құнды үлесі үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

Сіздің қолдауыңыз қиын жағдайда қалған студенттерге мүмкіндіктер жасауда маңызды рөл атқарады. Сіздің көмегіңіздің арқасында ЕҰУ Endowment Fund студенттерге сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ететін қолдаудың тірегі болып қалуда. Біз бірге үміт пен мүмкіндікке толы болашақты жасаймыз.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы университет түлектерінің бастамасымен ЕҰУ Эндаумент қоры құрылған болатын. Осы кезеңде қордың қатысуымен 22 шәкіртақы және кадрларды даярлауға 7 грант бөлінді.

Әрбір үлес біз үшін маңызды! ЕҰУ Endowment қорын қолдауға атсалысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Біз бірге әрбір студент өз әлеуетін аша алатын болашақты құрудамыз!
Made on
Tilda