ENU-дың 30 жылдығына орай түлек Ержан Тастамбеков 30 білім беру грантын табыстады
ENU-дың 30 жылдық мерейтойы қарсаңында түлек, «Zebra Coffee» компаниясының негізін қалаушы әрі директоры Ержан Тастамбеков өз альма-матер студенттеріне 30 білім беру грантын тағайындады.
Айта кету керек, бұл – оның алғашқы қолдауы емес. Соңғы үш жыл қатарынан ол университет жастарын қолдап, олардың білім алып, дамуына мүмкіндік беріп келеді. Стипендиаттарды іріктеу дәстүрлі түрде түлектің өзі төрағалық ететін комиссия арқылы жүргізіледі. Биыл грант иегерлері ENU-дың түрлі факультеттерінен – гуманитарлықтан бастап техникалық бағыттарға дейінгі 1, 2 және 3 курс студенттері болды.
Соңғы жылдары ENU түлектерімен жұмыс айтарлықтай жанданды. 2022 жылы олардың бастамасымен ENU Endowment Fund құрылып, қысқа мерзім ішінде 50-ден астам студент стипендия мен грант иегері атанды.
Бұл бастама – университет түлектерінің келер ұрпақтың дамуына қосқан үлесінің айқын көрінісі. Олар дарынды жастарды қолдап, сабақтастық дәстүрін нығайтып келеді.
Ержан Тастамбековтің үлгісі ENU-дың өзге де түлектеріне шабыт береді деп сенеміз.