Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойы жылы ЕҰУ түлектерінің қатары Азия чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбаймен толықты
Бүгін Санжар «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша Педагогика жоғары мектебін сәтті аяқтап, дипломды маман атанып, университетіміздің үлкен түлектер қауымдастығының мүшесі болды.

Санжардың қоржынында халықаралық аренадағы жарқын жеңістер, әлем чемпионы атағы және бүкіл Қазақстан мақтан тұтатын көптеген жетістіктер бар. Алда оны бұдан да биік белестер, жаңа жеңістер мен спорттық жолындағы жарқын жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз.

Санжарды осы маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, кәсіби табыс және еліміз бен туған университетіміздің мерейін үстем етер жаңа жеңістер тілейміз!
Made on
Tilda