ENU-да Санди Сұлтанның шеберлік сабағы өтті
4 қараша күні ENU-да танымал журналист, тележүргізуші және мотивациялық спикер Санди Сұлтанның қатысуымен «Басқару саласындағы сөздің күші» тақырыбында ашық диалог өтті.

Кездесу барысында спикер өзінің тәжірибесімен бөлісіп, табысты мансап құруда сөз мәдениетінің маңыздылығын атап өтті және студенттерді көпшілік алдында сенімді сөйлеуге ынталандырды.

Мастер-класс соңында Санди Сұлтан қатысушыларға сертификаттар табыстап, олардың коммуникация мен көшбасшылық тақырыптарына деген белсенділігі мен қызығушылығын ерекше атап өтті.

Іс-шара ЕҰУ экономика факультетінің менеджмент кафедрасы мен маркетинг және түлектермен байланыс бөлімі бірлесе ұйымдастырды.
Студенттерге пайдалы кеңестері мен шабыттандыратын кездесуі үшін Санди Сұлтанға алғысымызды білдіреміз!
Made on
Tilda