ЕҰУ түлегі, табысты кәсіпкер Бақытжан Ақан «Leadership» тақырыбында ашық дәріс оқыды
29 қазан күні Еуразия ұлттық университетінде «Leadership» тақырыбында ашық дәріс өтті. Дәрісті университетіміздің белсенді түлегі, меценат және ENU Endowment Fund Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «The Akan Building» құрылыс компаниясының негізін қалаушы - Ақан Бақытжан жүргізді.

Кездесу барысында спикер көшбасшылықтың жеке қағидаларымен бөлісіп, табысқа жетудегі жауапкершілік пен табандылықтың маңыздылығын атап өтті. Студенттер қызығушылықпен сұрақтар қойып, ең креативті сұрақ иелері ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Іс-шараны ENU Endowment Fund, маркетинг және түлектермен байланыс бөлімі мен карьера және бизнес бөлімі бірлесе ұйымдастырды.

Университетке деген қолдауы мен жас көшбасшылардың дамуына қосқан үлесі үшін түлегімізге шынайы алғыс білдіреміз!

Айта кетейік, 2023 жылы Ақан Бақытжан ENU Endowment Fund-қа 10,5 млн теңге көлемінде қаржы құйып, оның есімі ENU Даңқ ағашында мәңгі сақталды.
Made on
Tilda