ENU Endowment Fund стипендиаты пауэрлифтингтен өткен Әлем кубогында құрметті ІІ орынды иеленді
ENU Endowment Fund стипендиаты Рахатұлы Қуаныш пауэрлифтингтен өткен Әлем кубогында жоғары нәтиже көрсетіп, құрметті ІІ орынды иеленді!
Грузияда өткен әлемдік деңгейдегі жарыста ол өзінің керемет физикалық дайындығы мен жеңіске деген жігерін танытып, өз салмағында үздіктер қатарынан көрінді. Бұл жетістік ENU Endowment Fund стипендиялық бағдарламасының жоғары деңгейін айқындай отырып, өзге студенттерді биік мақсаттарға жетуге шабыттандырады.
Біз стипендиатымыздың осы жетістігімен мақтанамыз және оған халықаралық аренада алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз