Eurasian Development Bank Scholarship on PPP стипендиялық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Экономика және туризм жоғары мектебінің студенттері Еуразиялық даму банкі бастамашы болған халықаралық стипендиялық бағдарламаға қатыса алады.

Бағдарлама мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті (МЖӘ) дамытуға, ғылыми зерттеулерге және Қазақстанның экономикалық секторын дамытуға қызығушылық танытатын талантты студенттерді қолдауға бағытталған.

👥 Байқауға Экономика және туризм жоғары мектебінің күндізгі оқу бөлімінде білім алып жатқан 3–4 курс студенттері қатыса алады.

📌 Қатысу шарттары:

жоғары академиялық көрсеткіштердің болуы (алдыңғы семестр қорытындысы бойынша бағалардың кемінде жартысы — «өте жақсы»);
тәртіптік жазалардың болмауы;
ғылыми, қоғамдық, волонтерлік немесе кәсіпкерлік қызметке қатысу;
Қазақстан Республикасында және/немесе Еуразия кеңістігінде МЖӘ-ні дамыту мәселелері бойынша эссе дайындау.

📄 Қатысу үшін келесі құжаттарды жолдау қажет:

өтінім;
транскрипт;
жетістіктер мен белсенділікті растайтын құжаттар;
МЖӘ тақырыбындағы эссе;
endowmentenu.kz қорының сайтында өтінім беру.

✨ Бағдарлама қатысушыларына:
— зерттеу бастамаларын жүзеге асыруға;
— ғылыми-практикалық алаңдарда өз жобаларын таныстыруға;
— экономика және МЖӘ саласындағы кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік беріледі.

📌 Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 20 маусымға дейін.
📩 Құжаттарды жіберу үшін электрондық пошта: info@endowmentenu.kz
📞 +7 747 233 61 04
Made on
Tilda