ENU BARYSY-2026

Биыл ENU BARYSY республикалық деңгейде өткізіледі және жарысқа еліміздің 8 жоғары оқу орнының командалары қатысады.
Турнир 5 салмақ дәрежесі бойынша «бетпе-бет» форматында өтеді.

Өткізу бағдарламасы:
23 сәуір – командалардың келуі, салмақ өлшеу, жаттықтырушылар жиналысы
24 сәуір – жарыс күні
Турнир қорытындысы бойынша жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ әрбір жеңімпаз бен жүлдегерге чемпиондық белбеу табысталады.

Жарыс студенттік спорт өміріндегі жарқын оқиғаға айналып, қатысушылар өздерінің күшін, төзімділігін және командалық рухын көрсетеді.
Made on
Tilda