ENU-да «BCC Scholarship» бағдарламасының стипендиаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті
23 желтоқсан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Bank Center Credit тарапынан тағайындалған «BCC Scholarship» білім беру бағдарламасының стипендиаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Стипендиялық бағдарлама жоғары академиялық көрсеткіштерімен, белсенді өмірлік ұстанымымен және кәсіби дамуға ұмтылысымен ерекшеленетін ЕҰУ-дың экономика факультетінің талантты әрі мақсаткер студенттерін қолдауға бағытталған.
Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша ЕҰУ экономика факультетінің келесі студенттері «BCC Scholarship» бағдарламасының стипендиаттары атанды:
Сапарбек Ұлжан Диасқызы, 4 курс
Кенжебаева Альбина Ришатқызы, 4 курс
Амиш Ардах, 3 курс
Жобаның ұйымдастырушысы — ENU Endowment Fund. Қордың қолдауының арқасында бүгінгі таңда 50-ден астам студент стипендияға, ал 40-қа жуық студент грантқа ие болды.
Дарынды студенттерді қолдағаны, білім беру бастамаларын дамытуға қосқан үлесі және ел болашағына салған инвестициялары үшін Bank Center Credit (BCC) компаниясына шынайы алғыс білдіреміз.
Стипендиаттарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы оқуында табыс тілейміз!