«Кёнгидо – Орталық Азия. Білім беру саласындағы ынтымақтастық форумы»
Кореяда «Кёнгидо – Орталық Азия. Білім беру саласындағы ынтымақтастық форумы» атты халықаралық форум өтті. Аталған форум Корея, Қазақстан және Орталық Азия елдерінің білім беру жүйесінің өкілдерін біріктірді.
Іс-шараға Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қатысты. Форум аясында академиялық ұтқырлық, халықаралық тағылымдамалар, кәсіби бағдар беру бағдарламалары және білім беру саласындағы тұрақты халықаралық әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Кёнгидо провинциясының Білім басқармасымен ынтымақтастық пен бірлескен білім беру бастамаларына ерекше назар аударылды.
Форум Корея, Қазақстан және Орталық Азия елдері арасындағы диалог пен ынтымақтастықты нығайтатын маңызды халықаралық алаңға айналды.