ЕҰУ түлегі студенттерге атаулы оқу гранттарын табыс етті

ЕҰУ түлегі, Zebra Coffee кофеханалар желісінің негізін қалаушы және иесі Ержан Тастамбеков Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттеріне кезекті оқу гранттарын табыс етті. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін бес талантты бірінші және екінші курс студенттеріне бір жылдық тегін оқу сертификаттары берілді. Айта кетейік, өткен жылы меценат ЖОО білім алушыларына 6 атаулы грант тағайындады.

ЕҰУ-дың стратегиялық даму жөніндегі проректоры Думан Айтмағамбетов кәсіпкерге басшылық пен түлектер атынан университеттің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, Ержан Тастамбековтың есімі Даңқ ағашында ЕҰУ-дың көрнекті түлектерінің есімдерімен жазылғанын жариялады.

Made on
Tilda