ЕNU-да V Халықаралық эндаументтер форумы өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Эндаументтер және тұрақты даму: болашаққа инвестициялар» тақырыбында V Халықаралық эндаументттер форум өтті.

Форумға АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия, Польша және Қазақстан өкілдері, сондай-ақ елдің 40-тан астам университетінің басшылығы мен өкілдері қатысты. Сонымен қатар, инвестициялық компаниялар, бизнес-қоғамдастық өкілдері және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі форум жұмысына қатысты.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова құттықтау сөз сөйлеп, білім мен ғылымның тұрақты дамуы үшін эндаумент институтының маңыздылығын атап өтті.

Басты спикерлер қатарында – Миннесота университетінің (АҚШ) даму жөніндегі бас директоры Сьюзан Хольтер, Потанин қорының бас директоры Оксана Орачева (Ресей), МГИМО мен МИСиС эндаумент-қорларының өкілдері, сондай-ақ қазақстандық университеттер мен қорлардың өкілдері болды.
Бағдарлама аясында «Эндаумент-қорларды құру және дамыту: мәселелер мен шешу жолдары» атты шеберлік сыныбы, сондай-ақ панельдік пікірталастар мен табысты тәжірибелердің презентациялары өтті.

Форумның өткізілуі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 30 маусымда қол қойған «Мақсатты капиталдар және эндаумент-қорлар (мақсатты капиталдар) туралы» Заңы аясында осы салада тұрақты дамуға құқықтық негіз қалау тұрғысынан маңызды қадам болды.

Форум қорытындысында Эндаументтер қауымдастығын дамыту және
Қазақстанда мақсатты капиталдар институтын одан әрі нығайту бойынша ұсыныстар қамтылған кең көлемді резолюция қабылданды.

Форум эндаумент-қорларға деген сенімді арттыруда және ғылым мен білім үшін жаңа мүмкіндіктерді қалыптастыруда маңызды қадам болды.
Made on
Tilda