ENU-дың 15 студенті ENU Endowment Fund стипендиаттары атанды!
9 қазанда ENU Endowment Fund қорының «Инклюзия», «Жас зерттеуші» және «Таланттар» бағыттары бойынша жаңа стипендиаттарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл қордың «Спорт» атты жаңа бағдарламасы да іске қосылды.
Осы жазда Қор стипендия алуға өтінімдер қабылдап, студенттерден 100-ден астам өтінім алды. Іріктеу нәтижесінде 15 студент стипендия иегері атанып, өз таланттарын дамытуға, ғылыми қызығушылықтары мен жетістіктерін арттыруға қолдау алды.

Марапаттау рәсіміне ENU Endowment Fund Қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысып, Қордың дамуы мен оның білім беру бастамаларын қолдауға өз үлестерін қосты.
2023 жылдан бастап түлектер мен қайырымдылық жасаушылардың қолдауының арқасында ЕҰУ-дың 80-нен астам студенті Қор стипендиаты атанып, 40-тан астам студент грант иегері болды.
ENU Endowment Fund Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне қолдаулары, Қордың дамуына қосқан үлестері және студенттеріміздің әлеуетіне деген сенімдері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, дарынды студенттердің өз мақсаттарына жетуіне көмектесе аламыз!
ENU Endowment Fund студенттерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып, олардың әлеуетін ашуға және алға қойған мақсаттарына сенімді қадам басуына қолдау көрсетіп келе жатқанына қуаныштымыз!
Барлық стипендиаттарды құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!
Made on
Tilda