ЕҰУ студенттері мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында ЕАДБ стипендияларына ие болды
4 қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Еуразиялық даму банкінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреттер мен сараптаманы дамытуға бағытталған техникалық көмек жобасы аясында іс-шара өтті.

Іс-шараның басты оқиғаларының бірі – ЕАДБ-ның мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша стипендиялық бағдарламасының қорытындысын шығару және студенттерді марапаттау болды. Бағдарлама жеңімпаздары – ЕҰУ Экономика факультетінің төрт студенті:
  1. Амиш Ардах
  2. Әндір Дидар
  3. Нұркенқызы Назар
  4. Нүсіпқұл Махамбет.
Стипендия иегерлерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Жаңа білім, кәсіби өсу және үлкен жетістіктер тілейміз!
Іс-шара аясында білім алуға, білім алмасуға және студенттердің құзыреттерін дамытуға арналған жаңа кеңістік – МЖӘ бойынша ЕАДБ аудиториясының салтанатты ашылуы өтті.

Тағы бір маңызды оқиға – Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуына арналған «Қазақстан Республикасындағы МЖӘ жөніндегі ақ кітап» бірлескен елдік шолуының таныстырылымы болды.
Іс-шара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған ЕАДБ Меморандумына қол қою рәсімімен қорытындыланды.

ENU Endowment Fund студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың болашақ кәсіби мамандар ретінде дамуына ықпал ететін бастамаларды қолдауға қуанышты.
Made on
Tilda