ENU меценаттарының есімдері «Даңқ ағашында» мәңгілікке ұлықталды
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығын мерекелеу аясында университеттің дамуына елеулі үлес қосқан меценаттардың есімдері «Даңқ ағашына» мәңгілікке қашалып жазылды.
Олардың қатарында ENU Endowment Fund қорының алғашқы шетелдік меценаты әрі қолдаушысы — Runhao Zeng бар. Бұл символдық қадам студенттерді қолдауға және Қазақстанның білім беру жүйесінің болашағын дамытуға бағытталған халықаралық сенімнің, серіктестіктің және қолдаудың көрінісі болды.
Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, ENU түлегі Саясат Нұрбектің қатысуы іс-шараның маңызын арттыра түсті.
Сондай-ақ ENU түлегі Серікжан Мергенбаев та эндаумент мәдениетін дамытуға және туған alma mater-ін қолдауға өз үлесін қосты.
Университет тарихының ажырамас бөлігіне айналып, оның болашағын бірге қалыптастырып жүрген түлектерге, меценаттарға және серіктестерге алғысымызды білдіреміз.
ENU-дің 30 жылы — бұл адамдардың, идеялардың және ұрпақтар сабақтастығының тарихы.