Табысты кәсіпкер Бақытжан Ақан дарынды студенттерді қолдау мақсатында ЕҰУ-дің Эндаумент қорына 10,5 миллион теңге аударды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жоғары оқу орындары жанындағы эндаумент-қорлар білім берудің экожүйесін дамытудың негізгі буынына айналуға тиіс екендігін атап өтті. Университет түлектері негізін қалаған ENU Endowment Fund бүгінде белсенді түрде дамып, мақсатты капиталын арттыруда. ЕҰУ түлегі, табысты кәсіпкер Бақытжан Ақан дарынды студенттерді қолдау мақсатында эндаумент қорға 10 500 000 теңге аударды.


ЕҰУ ұрпақтар сабақтастығын дамытып, олардың арасындағы байланысты нығайтып келеді. ЖОО түлектері қазіргі студенттерге белсенді түрде қолдау білдіріп, қамқорлық көрсетуде. Кәсіпкер, «Akan Building» компаниясының негізін қалаушы Бақытжан Ақан ENU Endowment Fund қорының мақсатты капиталын толықтырды. Ол ЕҰУ қабырғасында «Құрылыс» мамандығы бойынша білім алды.

Made on
Tilda