"Astana Clinic" стипендиясы
ENU мен «Astana Clinic» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар бірлесе ЖОО студенттері мен оқытушыларына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасауды жоспарлауда.
Компания басшысы Борис Чен ENU Endowment Fund қорына 10 млн теңге көлемінде қаржы аударып, университет студенттеріне стипендия тағайындады.
50 000 теңге көлеміндегі шәкіртақыны университет белсенділері алады.
«Жасыратыны жоқ, ENU еліміздегі жетекші университеттердің бірі. Ұлттың жетістігі екі негізгі факторға – денсаулық пен білімге байланысты. Біз ENU студенттері мен қызметкерлеріне 6 жыл бойы қызмет көрсетеміз. Бүгін біз білім беру саласына өз үлесімізді - студенттерге қолдау ретінде біздің емхананың шәкіртақысын беру және университеттің эндаумент қорына үлес қосу арқылы қосуды шештік», - деді кәсіпкер.
12
стипендиатов
Astana Clinic стипендиясын алды

Made on
Tilda